Гемофилиямен ауыратындар дәрі-дәрмектердің кешеуілдеуіне алаңдаулы - Алматыдағы баспасөз мәслихаты

АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстандағы Гемофилиямен ауыратындар қауымдастығының өкілдері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаулы.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы Гемофилиямен ауыратындар қауымдастығының президенті Тамара Рыбалованың айтуынша, биылғы жылы наурыздың 26-сы күні сатып алу бойынша мемлекеттік тендер болып өткен. "Тендердің тәртібі бойынша, ол өткеннен 10 күн асса да, әлі күнге дейін нәтижесі жарияланған жоқ. Ал, одан кейін рәсімдеу, дәрілерді жеткізу және тағы да басқа істерді атқаруға бірталай, орташа алғанда 90 күн керек. Бұл гемофилиямен ауыратындар үшін үлкен кідіріс. Өйткені, қазірдің өзінде Алматыда, облыстағы бөлімшелерде де дәрілер таусылды. Қаланың күндізгі бөлімдерінде қажетті 250 орама ғана қалды. Біз сондықтан, олардың денсаулықтары мен өміріне алаңдаулымыз", деді Тамара Рыбалова.

Ол сонымен қатар, "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде гемофилияның ингибиторлық ауыр түрімен, сондай-ақ фон- Виллебрандамен ауыратындарды есепке алмайды", деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар