Гендерлік саясат туралы заңдар қабылдануы - біздің ортақ жеңісіміз болмақ - Қазақстан әйелдер ұйымдары альянсы

АТЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Мемлекет басшысының гендерлік теңдік  және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу туралы заңдар қабылдау қажеттігі жөніндегі тапсырмасы ҚР Президенті жанындағы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен үкіметтік емес ұйымдардың үлкен жеңісі деп санауға болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстанның әйелдер ұйымдары альянсының өкілдері мәлімдеді.

Олардың пікірінше, бұл заңдарды қабылдау қажеттігі туралы пікірталастар көп жылдар бойы жүргізіліп келеді. «Осы екі заң көп уақыт талқыланды, бірақ та қабылданған жоқ», - деп атап өтті Қазақстан әйелдер ұйымдары альянсының төрайымы Раушан Сәрсенбаева.

«Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында - бұл елде гендерлік теңдікті жүзеге асырудың жақсы мүмкіндігі», - деді ол.

Альянс заңды тұлғалар бірлестігі болып отыр. Оған елдің 18  әйелдер үкіметтік емес ұйымдары еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар