Гендерлік теңдік тақырыбына арналған сурет байқауының жеңмпаздары марапатталды

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен балалардың бейнелеу өнері байқауының жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дипломдарды Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустен 10 балаға табыс етті. Гендерлік теңдік тақырыбына арналған сурет байқауы наурыздың 8-і мен мамырдың 15-і аралығында өтті. Биыл бұл шараға республиканың әр өңірінен 8-10 жас аралығындағы балғындар қатыстырылып, олардан 195-ке тарта жұмыс түскен. Гендерлік саясат тақырыбын қолдауға бағытталған байқау 2007 жылдан бері Бельгия ханшасы Матильданың қамқорлығымен өткізіліп келеді. Еуропа мектептерінің оқушыларынан тұратын қазылар алқасы әлемнің түпкір-түпкірінен түскен суреттерді бағалап, әр аумақтан екі үздік суреттен таңдап алады. Жеңімпаздарға 1 мың еуро көлемінде сыйлық тағайындалған. Гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту ? Еурокомиссияның Мыңжылдықты дамытудағы 8 мақсатының бірі.
Соңғы жаңалықтар
Референдум