18:55, 21 Ақпан 2018 | GMT +5
Генерал депутаттар әуежайлардың жеке меншікке берілуіне алаңдап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Оны депутат Владислав Косарев оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің депутаттық сауалымыз Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына қатысты. Онда әуежайларды бәсекелестік ортаға беру туралы айтылған. Біздіңше, аталған қаулы әуежайлардың әскери-стратегиялық мақсаттарына толығымен сәйкес келмейді. Осыны жан-жақты зерделеп, оңтайлы шешім табу қажет», - деді В.Косарев.
Оның айтуынша, депутаттық сауалға Қазақстанның Халық Комунистері партиясының мүшелері, сондай-ақ генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев пен генерал-лейтенант Абай Тасболатов қол қойды.
Айта кетейік, отырыс кезінде депутат Балайым Кесебаева Қызылорда мен Қостанай облыстарында уақытты өзгерту мәселесін көтерді. Себебі қазіргі уақыттың тәртібі xалықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр.
Фото: ru.jerturaly.kz