General Motors 80 мыңнан астам автомобильді кері қайтарып алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - General Motors көлік өндірушісі АҚШ нарығынан бірнеше мың автомобильдерді кері қайтарып алатындығын хабарлады.

General Motors 80 мыңнан астам автомобильді кері қайтарып алмақ

Осы жолы сервистік акцияға 83 мың Chevrolet Suburban, Chevrolet Tahoe, GMC Yukon, Cadillac Escalade жол талғамайтын көліктер, Chevrolet Silverado, GMC Sierra және Chevrolet Avalanche ілікті, олардың барлығы 2011-2012 жылдар аралығында шығарылғандар.

Бұл көліктердің оталдыру құлпындағы ақау кілттің кездейсоқ бұралып кетуіне, ол двигательдің өшуіне, тежегіштің күрт іске қосылуына соқтырады.

GM 34 елде жеңіл және жүк көліктерін шығарады, оларды 140 елде сатып, техникалық қызметтер көрсетеді.