General Motors кемшілігі бар 100 мыңдаған көлікті кері қайтарып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың ірі автоконцерндерінің бірі General Motors тежегіш жүйесінен ақу шыққанына байланысты 100 мыңдаған автомобилді көлік иелерінен кері қайтаруды қолға алды, деп хабарлады ВВС.

General Motors кемшілігі бар 100 мыңдаған көлікті кері қайтарып жатыр

Компанияның хабарлауынша, кемшілік Cadillac маркалы көлігінің тежегішінен табылған. Кері қайтарылатын көліктердің дені АҚШ пен Канадада. Сонымен қатар, компания техникалық кемшіліктерден жол апаты оқиғалары тіркелмегенін айтты.

Айта кетейік, мамыр айында АҚШ билігі жеңіл автокөліктердегі оталдыру жүйесінің кемшілігіне байланысты көліктерді дер кезінде қайтаруды қолға алмағандықтан General Motors компаниясына 35 млн. доллар айыппұл салған болатын.