«General Motors» тағы бір миллион көлікті қайтарып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық «General Motors» автокөлік концерні оталдыру тетігіндегі проблемаларға байланысты барша әлем бойынша шағын литражды тағы миллионға жуық көлікті қайтарып жатыр.
Тексеру барысында көліктің аталған тетігіндегі ақауға орай бірнеше жүздеген оқиғалар тіркеліп, оның салдарынан кем деген 12 адамның өмірі қиылған көрінеді. Компанияның хабарлауынша, қайтарылып жатқан көліктерде, яғни негізінен 2007-2011 жылдары шығарылған және АҚШ-та сатылған осы машиналарда оталдыру тетігі барлық электронды жүйенің ажыратылуына себепші болуы мүмкін.
Ақпан айында GM 1,6 миллионнан астам ескі модельдерді қайтару туралы шешім шығарған болатын.
Сонымен қатар концернге оның көліктеріндегі өзге де кемшіліктерге байланысты тексеру жүргізілуі мүмкін. Атап айтқанда, автокөліктерде қауіпсіздік жастығының дұрыс іске қосылмауы секілді жағдайлары байқалған екен.