Генерал П.Мүшарраф билік басына қайта келмек - Пәкістан
Қазір Лондонда тұрып жатқан отставкадағы генерал ВВС агенттігіне берген сұхбатында, Пәкістанның премьері немесе президенті болуға үмітті екенін мәлім еткен.
П.Мүшаррафтың айтуынша, қазір Пәкістан қара түнектен шыға алмай, ал ел халқының сағы сынып отыр. Халық арасындағы беделінің төмендігі Пәкістанның экс-президентін ойландырып отырған жоқ. Оған қоса, генерал өзіне тағылған кез-келген айыптауларға жауап беруге әзір екенін мәлім етуде.
Кезінде билік басына әскери төңкерістің нәтижесінде келген П.Мүшарраф АҚШ-тың өңірдегі негізгі одақтастарының бірі саналатын. Оның қолдауының арқасында американдықтар Ауғанстанда тәлібтерге қарсы әскери операцияны сәтті жүргізе алып еді. Соған жауап ретінде исламдық экстремистер Пәкістан үкіметіне соғыс жариялап, әскери колонналарға және полиция бекеттеріне шабуылдар жасайтын. Пәкістанның көп азаматтары, П.Мүшаррафтың отставкаға кетуі елдегі зорлық-зомбылықты тоқтатады деп санаған еді. Генерал президенттік өкілеттігін 2008 жылдың тамыз айында тапсырды.