Геннадий Головкин АҚШ-қа барып, жаттығу залдарын көрді

АСТАНА. KAZINFORN - Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин және ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев іс-сапармен АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласындағы АҚШ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Олимпиадалық және Паралимпиадалық жаттығу орталығында (USOPC) болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

АҚШ ҰОК өкілдері спорт кешенін таныстырып, бокс, оқ ату, күрес, жүзу және жеңіл атлетика сынды спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарының мүмкіндіктерін көрсетті.

Сондай-ақ, USOPC қызметкерлері нутрициология және спорт ғылымы саласындағы зерттеу бөлімінің қызметін егжей-тегжейлі таныстырды. Бұдан бөлек, Қазақстан ҰОК делегациясы көпфункционалды жаттығу залы мен медициналық кампустың жағдайын зерттеді.

Алдағы уақытта Қазақстан құрамасының спортшылары үшін осы спорт кешенінде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Айта кетейік, Геннадий Головкин АҚШ-қа World Boxing Халықаралық бокс федерациясының Конгресіне қатысу үшін барған еді.

Соңғы жаңалықтар