Геннадий Головкин әлемдегі ең үздік бес боксшының қатарына енді
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық Геннадий Головкин HBO телеарнасының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (рound-for-pound) әлемдегі үздік бес боксшының қатарына енді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сондай-ақ, әлемнің үздік ТОП-5 боксшылары қатарына америкалықтар Флойд Мэйуэзер (36 жас), Андре Уорд (29 жас), Тимоти Брэдли (30 жас) және аргентиналық Серхио Мартинес (38 жас) кірді.
31 жастағы Головкин қазіргі таңда орта салмақтағы ең мықты боксшы ретінде осы тізімге қосылып отыр.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы өзінің келесі жекпе-жегін америкалық Кертис Стивенске қарсы өткізеді. Бұл кездесу 2 қарашада Нью-Йоркте өтеді.