Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмен сырғыды

НҰР-СҰЛТАРН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көшбасшы позициясынан айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмен сырғыды

Boxrec.com сайты жапондық Риота Муратаны (16-3, 13КО) жеңген Головкиннің рейтингін кезекті мәрте жаңартты.

Ендігіде Геннадий Головкин салмақ санатына қарамастан барлық боксшылар енген (pound-for-pound) BoxRec рейтингінде екінші орында тұр. Оның ұпайы – 688,7. Айта кетейік, аталған ресурс GGG-ді Муратамен айқастан кейінгі келесі күні бірінші орынға шығарған болатын.

Boxrec.com рейтингінде бірінші орын қайтадан максикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске (57-1-2, 39КО) берілді, 869,7 балл.

Әлемнің үздік боксшыларының үштігін америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29КО) түйіндеп тұр, 513,6 балл.⠀

Еске салайық, биылғы 9 сәуірде Риота Муратамен жекпе-жекте Геннадий Головкин WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерінің иесі болды.