Геннадий Головкин әрдайым жеңісін анасына бірінші хабарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Геннадий Головкин әрдайым жеңісін анасына бірінші хабарлайды

Лос-Анджелестің «Форум» аренасында өткен кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетті. Айта кетейік, kaztrk.kz сайтының өзінен бір мезетте 14000 мыңнан аса жанкүйер кездесуді тамашалады. 1000-нан астам жанкүйер үлкен лэд-экраннан тікелей эфирде тамашалап, Геннадий Головкинге қолдау білдірді.

Сонымен қоса, жеңіске жектен Генаның анасымен «Таңшолпан» бағдарламасында тікелей эфирде байланыс орнатып, қандай әсерде отырғанынан хабардар болдық, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта мен қатты қобалжып отырмын, Гена босаған соң ең алдымен маған хабарласып, қуанышымен бөліседі. Мен ұлымның барлық жекпе-жегін өткізбеуге тырысамын, әр кезде уайымдап отырамын. Барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғысымды білдіремін» - деп Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Сергеевна Головкина «Қазақстан» Ұлттық арнасының тікелей эфирінде қуанышымен бөлісті.