Геннадий Головкин «Барыс» хоккей клубына алтын қолғабын сыйға тартты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі кәсіпқой боксшы, WBA, IBO, WBC IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин бүгін «Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөсіпірмдер спорт мектебіне қонаққа барды.
Бұл туралы спортшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Кездесу барысында GGG «Барыс» хоккей клубына сәттілік пен үлкен жеңістер тілеп, алтын қолғап сыйға тартты.