Геннадий Головкин басқа салмаққа ауыса ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жоғары салмаққа ауысуға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Геннадий Головкин басқа салмаққа ауыса ма

«Басқа салмаққа ауысатын ойым жоқ. Қазіргі кезде 160 фунтта (72,6 келі) маған бокстасқан өте ыңғайлы. Ал одан жоғары салмақта, яғни 168 фунтта (76,2) мені қызықтыратын әрі көп ақша әкелетін жекпе-жектер жоқ. Дәл қазір маған тек таза және қызықты жекпе-жектер ғана керек. Сосын чемпиондық белбеулер үшін талассатын болсам, тіпті жақсы», - деді Г.Головкин World Boxing News-ке берген сұxбатында.

Айта кетейік, бүгінде екінші орта салмақта (76,2 келіде) Давид Бенавидес, Джордж Гроувз, Джеймс Дигейл, Хильберто Рамирес сынды боксшылар өнер көрсетеді. Әрқайсысы - бір-бір белбеудің иегері. Ал Геннадий Головкин өз салмағында төрт бірдей титулды ұстап отыр. Алдағы аптада 5 мамыр күні қазақстандық боксшы АҚШ-тың Калифорния штатында Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады. Мартиросян бірінші орта салмақта (154 фунт - 69,8 келі) өнер көрсетеді. Алайда соңғы салмақ өлшеу рәсімінде оның салмағы GGG-ден жарты келіге артық болып шықты.