Геннадий Головкин бокстағы ең ірі жекпе-жегін өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 2022 жылы үшінші жекпе-жек өткізсе, ғажап болар еді деген пікір білдірді Matchroom Boxing бас директоры Эдди Хирн. Бұл туралы Sports.kz Dazn.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен бокстағы ең үлкен жекпе-жек алдында екі жігіттің де керемет көрінгенін қалаймын»,- деп атап өтті Хирн өз сұхбатында.
Еске салайық, 7 мамырда «Канело» ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады, егер жеңген жағдайда, қыркүйекте Головкинмен үшінші рет айқасқа шығады. Ал қазақстандыққа сәуір айында жапон боксшысы Риота Муратаны жеңуі керек.