Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қорғайды

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - 12 мамыр күні Украинаның Бровари қаласында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) орта салмақтағы чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин жапониялық Макото Фучигамимен жекпе-жек өткізеді.
None
None

Бұған дейін 22 кездесу өткізіп, оның 19-ын нокаутпен аяқтаған 30 жастағы Г.Головкин бірде-бір жеңіліс таппаған боксшы. Ал оның 28 жастағы қарсыласы осы уақытқа дейін 25 кездесудің  19-ында жеңсе (10-ын нокутпен), алтауында жеңіліс (екеуінде нокаутпен) тапқан.

1982 жылы 8 сәуірде Қарағанды қаласында өмірге келген Г.Головкин  чемпиондық атағын соңғы рет 2011 жылы 9 желтоқсанда Германияда қорғаған болатын. Онда ол Лажуан Симонды (Lajuan Simon) нокаутпен ұтқан еді. 2009 жылы 11 шілдеде Германияда Джон Андерсон Карвалионы (John Anderson Karvalho) WBO-ның бос тұрған Құрлықаралық Әлем чемпионы атанған ол одан кейін 4 рет өз атағын қорғап шықты. Енді WBA шешімі бойынша 30 қыркүйекке дейін орта салмақтағы тұрақты Әлем чемпионы ретінде  суперчемпион дәрежесі бар германиялық Феликс Штурмның жекпе-жек өткізуі тиіс.

1983 жылы 30 шілдеде Жапонияның Токиодағы Хашиожиде өмірге келген Макото Фучигами қазір Кагошимадағы Акунеде тұрады. Макота соңғы кездесуін 9 сәуірде Токиода Кунг-Сук Куакпен өткізіп, өзінің қатарынан 9-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 2009 жылы 21 шілдедеде Тетсуиа Сузикиден жеңіліс тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар