Геннадий Головкин: «Бұл айқас достарыма деген жақсы сыйым болады»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин американдық Доминик Уэйдпен айқасы алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен кейін қысқаша сұхбат берді, деп жазады Sports.kz.
«Алдымен өз достарыма алғыс айтқым келеді. Достарым! (жұртқа қарап айтады). Мен сендерді сүйемін, жігіттер! Және сенемін, бұл айқас менің оларға деген жақсы сыйым болады. Уэйд те мен сияқты еш жеңіліп көрмеген. Ол мықты және міндетті үміткер. Бұл жекпе-жекке мен барлық белбеулерімді - WBC (Interim), WBA, IBF, IBO тігіп отырмын»,-деді Головкин.