19:17, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Геннадий Головкин: Чемпиондық белбеудің барлығына қол жеткізгім келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин барлық титулға қол жеткізгісі келетінін айтты, деп хабарлады sports.kz.

23 сәуірде Лос-Анджелесте Головкин IBF титулына міндетті үміткер Доминик Уэйдпен жекпе-жек өткізеді.
«Барлық титулға қол жеткізгім келеді. Уэйд жас және жақсы боксшы. Ол міндетті үміткер. Мен боксшымын. Жалғыз Альвареспен ғана емес, басқалармен де жақсы жекпе-жектер болғанын қалаймын. Барлық белбеудің иегері болғым келеді», - деген Головкиннің сөзін BoxingScene келтірді.