Геннадий Головкин: Депутат болғым келмейдi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин депутаттық мандатқа немесе мемлекеттiк қызметке қызықпайтынын Астанадағы Назарбаев Университетiнде отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында мәлiм еттi.

Геннадий Головкин: Депутат болғым келмейдi

"Бұл сұрақ болашаққа қатысты. Бұның алдында маған лауазым ұсынды ма деген сұраққа айтарым, маған мемлекеттiк қызметке орналасу жөнiнде ұсыныс тасталған жоқ. Егер ұсынса сiздер жауабын бiлесiздер: маған қазiргi өзiмнiң кәсібім ұнайды. Болашақта кім болатынын бiлмеймiн. Дегенмен мен ондайға талпынып жүрген жоқпын", - деп атап өттi ол тiлшiлердiң мемлекеттiк қызметке қатысты қойған сауалдарына.