Геннадий Головкин: Джейкобстың күші маған қарағанда көбірек

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин оның болашақ қарсыласы Дэниэл Джейкобстың кейбір параметрлер бойынша асып түсетінін жоққа шығармады, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин: Джейкобстың күші маған қарағанда көбірек

«Біздің айқаста нокауттың болатынын айта алмаймын. Бұл - бокс.  Джейкобс өте жақсы боксшы, оның күші менікіне қарағанда көп болуы мүмкін. Ол мен үшін ең қауіпті қарсыластардың бірі. Ол рингте өзін жақсы ұстайды. Оның техникасы керемет. Оны құрмет тұтамын, керемет жігіт», - деген Головкиннің сөзін келтіреді Boxingnews24.com.