Геннадий Головкин: Егер Де Ла Хойя жекпе-жекке шыққысы келсе, мен дайынмын

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Оскар Де Ла Хойяға қарсы айқасқа шығуға әзір екендігін айтты, таяуда ол GGG-мен жекпе-жекке шыққысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген болатын, деп хабарлады Sports.kz.

 Геннадий Головкин: Егер  Де Ла Хойя жекпе-жекке шыққысы келсе, мен дайынмын

- Оскарды ерекше құрмет тұтамын. Ол мықты чемпион әрі бокстың жарқыраған жұлдызы. Егер ол менімен кездесуге бел буса, мен әзірмін. Тағы да кезекті big drama show тамашалайтын боласыздар, - деді Геннадий ESPN-ге берген сұхбатында.