Геннадий Головкин Энди Лимен айқасу ниетінде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Энди Лидің мәлімдемесіне қатысты онымен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты, деп хабарлады Sports.kz.
Еске сала кетейік, жуырда Ли оның GGG-мен жекпе-жегі тартысты болатынын айтқан.
«Ия, тартысқа толы айқас басталады!», - деп жазды өз твиттерінде Геннадий британиялықтың сөзіне жауап ретінде.