Геннадий Головкин ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингінде бесінші орынды сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингінде бесінші орынды сақтап қалды.

Геннадий Головкин ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингінде  бесінші орынды сақтап қалды

ESPN спорттық арнасы салмақ дәрежесіне (Pound-4-Pound) қарамай әлемдегі үздік спортшылардың рейтингісін жаңартып, жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Көш басында Флойд Мейвезер, екінші орында - Мэнни Пакьяо, үшінші орынға Гильермо Ригондо көтерілді.

Геннадий Головкин жаңартылған ондықта бесінші орыннан көрінді.