Геннадий Головкин ESPN рейтингінде көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA, IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) ESPN телеарнасы рейтингінде көш бастады.

Геннадий Головкин ESPN рейтингінде көш бастады

Бұған дейін жерлесіміз өзінің басты әлеуетті қарсыласы саналатын Сауль "Канело" Альварестен кейін екінші орында тұрған, деп хабарлайды espn.com сайты. Бұл ақпаратты Головкиннің промоутері Том Леффлер де қуаттайды. 

«GGG ақыры орта салмақта ESPN рейтингінде көш бастады», - деп жазды Леффлер Twitter-дегі парақшасында.

 

ESPN рейтингі бойынша орта салмақтағы ТОП-10:

1. Геннадий Головкин (36-0),

2. Дэниэл Джейкобс (32-1),

3. Мигель Котто (40-5),

4. Билли Джо Сондерс (23-0),

5. Энди Ли (34-3-1),

6. Давид Лемье (35-3),

7. Кіші-Крис Юбенк (23-1),

8. Питер Куиллин (32-1-1),

9. Хассан Н'дам Н'жикам (34-2),

10. Автандил Хурцидзе (32-2-2).