Геннадий Головкин: «Эстрада - Лопес жекпе-жегінен қапы қалмаңыздар!»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Геннадий Головкин бокс сүйер қауымға GGG - Уэйд жекпе-жегінің кешінде андеркардта әйелдердің кездесуін тамашалауға кеңес берді, деп хабарлады Sports.kz.
23 сәуірде Лос-Анджелесте Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен кездеседі. Шоу аясында әйелдер арасында екі жекпе-жек өтеді: Сеньеса Эстрада (АҚШ) - Селена Лопес (Мексика) және Кения Энрикес (Мексика) - Амарис Кинтана (АҚШ).
«Эстрада және Лопес жекпе-жегін көремін - сіздер де қапы қалмаңыздар!» - деп жазды Головкин өзінің шағын блогында.