Геннадий Головкин HBO рейтингінде 2-орынға тұрақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі америкалық «Home Box Office» телекомпаниясы салмақ дәрежесіне қарамастан биылғы жылдың үздік боксшылар тізімін жариялады.
None
None

Ортақ салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы - Геннадий Головкин НВО телеарнасының тізімінде екінші сатыға жайғасты. Телеарнаның тізіміндегі 1-орында никарагуалық боксшы Роман Гонсалес тұр, деп жазады sports.kz.

2015 жылғы үздік боксшылар тізімі: 1-орын: Роман Гонсалес (44-0, 38 КО);

2-орын: Геннадий Головкин (34-0, 31 КО);

3-орын: Сергей Ковалев (28-0-1, 25 КО) ;

4-орын: Сауль Альварес (45-1-1, 32);

5-орын: Андре Уорд (28-0, 15 КО);

6-орын: Теренс Кроуфорд (27-0, 19 КО);

7-орын: Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO);

8-орын: Василий Ломаченко (5-1, 3 КО);

9-орын: Келл Брук (35-0, 24 КО);

10-орын: Тимоти Брэдли (32-1-1, 12 КО).

Соңғы жаңалықтар