Геннадий Головкин: «Канело маған айқастан қашу үшін аз ақша ұсынады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварес өзімен рингке шығудан қашу үшін гонорардың басым бөлігін өз пайдасына шешу талабын қоймақшы, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин: «Канело маған айқастан қашу  үшін аз ақша ұсынады»

«Канелоның  ендігі қадамы: «Мен дайынмын. Мен «А» жағындамын, ал Головкин -   «Б» жағында, сондықтан оған    2 миллион  доллар беремін.  Ол келіспей ме? Ол дайын емес пе? Ал мен дайынмын», деуі ғана қалды.  Бұл 50 де 50 жекпе-жегі. Бірақ оның солай дейтініне күмәнім жоқ. Ол үшін бұл  - ойын», - деді  Головкин Los Angeles Times-қа.