Геннадий Головкин Қазақстан экономикасына инвестиция салуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин кәсіби рингте тапқан табысын Қазақстан экономикасына инвестиция есебінде салуда. Қарағандыда боксшының қатысуымен көмір байыту кәсіпорыны ашылатыны мәлім. Бүгін біздің түсіру тобымыз жаңа кәсіпорынды бірінші болып көрді. Құрылтайшылар қатарында жергілікті кәсіпкерлер мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бар, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.
None
None

Жаңа өндіріс орнында 150 тұрақты жұмыс орны бар.  Фабриканың жобалық қуаты  жылына 500 мың тонна көмірді құрайды.  Оны 5 шілдеде таныстыру көзделіп отыр. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған.  Бокстан WBA, IBF, WBC нұсқалары бойынша  орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өзі: «Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қарсыластарыңды жеңіп, үйіңе орал» - деген сөздерінен кейін ой келді. Мен Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдадым. Өз Отаның үшін жақсы іс жасау керек, яғни парызыңды өтеу қажет»-дейді.

 

Соңғы жаңалықтар