Геннадий Головкин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ел азаматтарын Конституция күнімен құттықтады.

Геннадий Головкин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

«Мен ЭКСПО-2017 көрмесінің елшісі ретінде Қазақстанның барлық азаматтарын басты мемлекеттік мерекелердің бірі - ҚР Конституциясы күнімен құттықтаймын. Толағай табыстар мен жетістіктер тілеймін», - деп жазды ол өзінің Инстаграм парақшасына.

Айта кетейік, WBA (Super), IBO, WBC және IBF (35-0, 32 КО) бойынша қазіргі орта салмақтағы әлем чемпионы IBF бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Келл Брукқа қарсы жекпе-жекке дайындық үстінде. Бокс 10 қыркүйек күні Лондонда өтеді.