Геннадий Головкин қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF, WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отандастарын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Головкин өзінің Instagram парақшасында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне жазды.
«Барлық қазақстандықты мерекемен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, бейбітшілігіміз мәңгі жасасын! Республика күні құтты болсын!»,-деп жазды GGG.
Өзінің соңғы жекпе-жегінде Головкин Сауль «Канело» Альвареске төрешілердің шешімімен жеңілген болатын.
Фото: instagram.com/gggboxing