Геннадий Головкин - қазіргі кездегі ең әсерлі боксшылар ондығында екінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық BleacherReport.com сайты қазіргі кездегі ең әсерлі боксшылардың ТОП-10 жасады. Онда екінші орынды Геннадий Головкин алады. Ол никарагуалық Роман Гонсалесті ғана алға жіберіп алды, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - қазіргі кездегі ең әсерлі боксшылар ондығында екінші орында

«Орта салмақтағы жеңілмейтін WBA чемпионы Геннадий Головкин сенбі күні кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, өзінің нокаут-сериясын 20-ға жеткізді.

Головкиннің шеберлігі жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Бокстағы жұлдыздардың бірі Геннадиймен бір шаршы алаңға шығуға келіссе, бұл ақылы трансляция деңгейіндегі құбылыс болуы мүмкін», - деп жазады сайт.