Геннадий Головкин келесі кездесуге жаттығу үстінде - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады, деп жазады Vesti.kz.
32 жасар қазақстандық боксшының дайындық жаттығулары Калифорния штатындағы Big Bear лагерінде өтуде.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадийдің келесі кездесуі 26 шілдеде 20 мың адамдық Madison Square Garden аренасында өтеді. Оның бұл жолғы қарсыласы австралиялық Дэниэл Гил болады деп күтілуде. Сондай-ақ, жерлесімізбен тағы бір австралиялық Джаррод Флетчер де жұдырық түйістіруге ниетті.