Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін күзде өткізуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қазан немесе қараша айына жоспарлап отыр, деп жазады kazsporttv.kz.

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін күзде өткізуі мүмкін

«Менде қазір бәрі жақсы. Кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Қарсыласым Дэниэл Гил - бұрынғы Әлем чемпионы, өте қауіпті қарсылас. Мен Madison Square Garden шаршы алаңында жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Сондай-ақ, келесі кездесуімді Мигель Котто немесе Канело Альвареске қарсы өткізгім келеді. Кездесу күз айында өтуі мүмкін», - дейді Геннадий Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні өтетін Дэниэл Гил мен Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.