Геннадий Головкин қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңген Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Геннадий Головкин қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты

«Барлығыңызға қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет! Аренада болғандарға да, көгілдір экраннан тамашалағандарға да рахмет! Сіздер кереметсіздер!» - деп жазды Геннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы атанды. Бокстың басты оқиғасы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.

Айқас 12-ші раундқа дейін жалғасты. Төрешілердің шешімімен, жекпе-жек Геннадий Головкиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Бұл жекпе-жек 37 жастағы қазақстандық боксшы үшін 42-ші атанды. Бүгінде оның қоржынында 40 жеңіс бар.

Бұған дейін Головкинді жеңісімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған еді.

Автор: Ақбота Күзекбай