Геннадий Головкин Криштиану Роналдуды Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Критиану Роналдуды мадридтік «Реалды» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин  Криштиану Роналдуды Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады

«Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану», - деп жазды әлеуметтік желіде қазақстандық.

Еске салсақ, мадридтіктер ширек финалдың жауапты ойынында (3:0) немістің «Вольфсбург» командасын жеңген болатын. Ал португалиялық хет-трек жасады.