Геннадий Головкин: Күн өткен сайын күштірек болғым келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин GGGBoxing-тің Youtube-тағы ресми арнасына өзінің  жаттығу барысы туралы сұхбат берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин: Күн өткен сайын күштірек болғым келеді

«Екі аптадан бері залда жаттығу үстіндемін. Мен бұл уақыттан ләззат алудамын. Себебі биылғы жыл менің болашағым үшін өте табысты болады деген үміттемін. Әрбір күн - басқан әрбір қадам секілді, күннен-күнге күштірек болғым келеді. Күн сайын қадамымды арттырып келемін. Бұл мені ынталандырады. Бұл мен үшін оңай, әйтсе де, өзгелерге қиынға соғуы мүмкін», - деді Геннадий.