Геннадий Головкин Лас-Вегастағы бокс кешінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өз командасымен Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) бокс кешіне барды, деп хабарланды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG парақшасында.

Геннадий Головкин Лас-Вегастағы бокс кешінде болды

Еске сала кетейік, Геннадийге қарсы шығуы мүмкін деп ирландиялық Энди Ли мен ресейлік Матвей Коробов айтылған еді. Орта салмақтағы WBO чемпионы атағы үші таластың 6-кезеңінде техникалық нокаутпен ирландиялық жеңіске жетті. Сондықтан Коробов жақын арада біздің чемпионның қарсыласы болуы екіталай.