Геннадий Головкин: Лемьемен жекпе-жекті кейін емес, тап «қазір» өткізейік
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуінде осы салмақтағы IBF жаңа чемпионы 26 жастағы канадалық Давид Лемьемен кездескісі келеді, деп хабарлады sports.kz.
Головкин Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойеге өз Twitter-і арқылы хабарласты. Еске салсақ, Лемье жыл басында Golden Boy-мен келісімшартқа қол қойған болатын.
«Головкин-Лемье жекпе-жегін «ертең» немесе «арғы күні» демей, тап «қазір» өткізейікші!».