Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен Монакодағы шаршы алаңда жұдырықтасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - K2 Promotions пен Golden Gloves промоутерлік компаниялары WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкиннің орта салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы титулына үміткер 32 жастағы британдық Мартин Мюрреймен кездесетін уақытын белгіледі, деп хабарлайды BoxingScene.com.

Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен Монакодағы шаршы алаңда жұдырықтасады

Бұл жұдырықтасу келесі жылы 21 ақпанда Монакода өтпек.

Промоутер Том Леффлердің айтуынша, «бұл додаға келісуі Мюррейдің әлемдік деңгейдегі боксшы екенін көрсетеді, ал Геннадий тағы да өзінің жұдырықтасу шебері екенін паш етпек». «Ол өзінің барлық қарсыластарын жеңе алды, алайда менің де орта салмақтағы кез келген боксшыны жеңу үшін қауқарым жетерлік. Егер өзімнің жеңетініме сенбесем бұл жұдырықтасуға келісімімді бермес едім», - дейді Мюррейдің өзі.