Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монте-Карло, Астана, Лондон және Мехиконы қамтыған ауқымды медиа-турдан кейін WBA/IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкин Big Bear лагерінде Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындық маусымын бастады, деп хабарлады BoxingScene.com.

Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады

Абель Санчестің қолдауымен Головкин 2015 жылдың 21 ақпанында Монте-Карлода өз титулын қорғауы керек. «Менің соңғы бірнеше апта бойы уақытым болмады. Бірақ маған бүкіл әлем бойынша журналистермен және жанкүйерлеріммен уақыт өткізген өте ұнады. Мен өзімнің бапкеріммен дайындықты бастап, Монте-Карлода кезекті керемет кездесуді өткізуді жоспарлап отырмын», - деді Головкин Лас-Вегастағы WBC конвенциясында. Естеріңізге сала кетейік, WBA (Super) и WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Мюррейдің кездесуі 21 ақпан күні Ларвотто (Монако) ауданындағы Salle des etoiles аренасында өтеді.