00:48, 08 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Геннадий Головкин Мексикаға барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Мексикаға барды, онда спортшының Марко Антонио Рубиомен жекпе-жегінде иеленген белбеуін ресми тапсыру салтанаты өтеді, деп хабарлайды wbcboxing.com.
«Геннадий Головкин Мексикаға барды, онда қазақстандық боксшыға WBC Interim белбеуін тапсыру салтанаты өтеді. 9 желтоқсанда Мехикода баспасөз мәслихаты өткізіледі. Геннадий мұнда көрнекті жерлерді аралап, балалар госпиталіне бармақ», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Лондонда Геннадий Головкин мен Мартин Мюррейдің матч алдындағы конференциясы өтті. Олар 21 ақпанда Монакода жұдырықтаспақ.