22:58, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Геннадий Головкин: «Мен 2015 жылы PPV-жекпе-жекті өткізуді қалаймын»
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кеше Лос-Анджелес қаласында (АҚШ-тың Калифорния штаты) алдағы 18 қазанда осы қалада WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WВC нұсқасы бойынша осы салмақ дәрежесіндегі уақытша Әлем чемпионы 34 жастағы мексикалық боксшы Марко Антонио Рубио арасындағы кездесуге арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Осы баспасөз мәслихатынан кейін Головкин журналистерге берген сұхбаттарының бірінде алдағы жылы PPV-жекпе-жек өткізуді қалайтындығын жеткізді, - деп хабарлайды allboxing.ru сайты.
«2015 жылға келер болсақ, Мен PPV- жекпе-жек өтізуді қалаймын. Бізде кімдер PPV-боксерлар? Әрине, Мигель [Котто], Сауль Альварес, кіші-Чавес. Қайсысы менімен бірінші шығады, ол жағы маңызды емес», - деді Г.Головкин.
Айта кетелік, Pay-Per-View - (PPV) - ұғымы тікелей аударғанда «көргенің үшін төле» - деген мағынаны білдіреді.
Бұл спорттық және басқа да маңызды шараларды бүкіл әлем бойынша кабельдік және спутниктік телеарналар арқылы ақылы трансляциялау жүйесі. Онда жарнама болмайды және аталмыш шара толығымен көрсетіледі.