Геннадий Головкин: «Мен кім-кіммен де жұдырықтасуға дайынмын, бірақ «Канело» дайын емес»

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Sky Sports-ке берген сұхбатында Сауль «Канело» Альвареспен кездесу үшін салмағын түсіруден бас тартатынын мәлім етті, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин: «Мен кім-кіммен де жұдырықтасуға дайынмын, бірақ «Канело» дайын емес»

«155 фунтта жұдырықтасуға келіспеймін. Ол - орта салмақтағы әлем чемпионы, 160 фунт, бірақ 154, 155 немесе 167 емес. Мен кім-кіммен де жұдырықтасуға дайынмын, бірақ «Канело» дайын емес. Өз белдеуімді әкетемін - бұл менің стилім. Бұл боксқа немесе жанкүйерлерге сыйластық танытпау болғандықтан көңілді түсіреді», деді ол.