Геннадий Головкин: Мен сайысқа дайынмын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) болатын кездесуге тас түйін дайындықпен келді, деп жазады Sports.kz.
None
None

«Мен дайынмын! #GGGДжейкобс #ертең #HBOPPV #MSG»,-деп жазды Головкин инстаграмдағы парақшасында. Ол сонымен қатар Джейкобспен болған көзқарастар қақтығысы кезіндегі суретті де қоса орналастырған.

I'm ready. #GGGJacobs #tomorrow #HBOPPV #MSG

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing) Мар 17 2017 в 11:12 PDT

Головкин-Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Астаналық уақытпен алғанда кездесу 19 наурыз күні 09 сағат 40 минутта басталады.

Соңғы жаңалықтар