Геннадий Головкин: «Мен толқып тұрмын, алайда бұл қорыққандық емес»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта бірнеше дәреже бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин The Ring TV телеарнасына берген сұхбатында 16 қыркүйекте өтетін Сауль Альвареспен болатын кездесудің алдындағы өзінің көңіл-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин: «Мен толқып тұрмын, алайда бұл қорыққандық емес»

Бұл сіздің карьераңыздағы ең маңызды кездесу. Сіз қобалжып тұрған жоқсыз ба?

«Әрине, мен толқып тұрмын, бірақ бұл қорқыныш сезімі емес. Бір жыл бұрны мен бұл кездесуге деген қызығушылығымды жоғалтқанмын. Ал қазір бұл жаңа кезең. Меніңше, бұл екеуміз үшін де тамаша мүмкіндік»,-деді Головкин.