20:59, 02 Қаңтар 2015 | GMT +5
Геннадий Головкин: Мен үшін қазір жақсы нұсқа - Чавеспен сайысқа шығу
АСТАНА. ҚазАқпарат -WBA Super, IBO және WBC атақтарын иеленген орта салмақтағы (72,6 келі) қазақстандық Геннадий головкин 2015 жылы жұлдызды қолғап шеберлерімен рингіге шығуға ниетті, бұл орайда мексикандық Хулио Сесар кіші-Чавеспен жұдырықтасу қажет деп санайды.
Бұл туралы sports.kz .
«Мен бәрін жанкүйерлерім үшін жасаймын. Солардың арқасында қазіргі жағдайға жеттім, бірақ та 2015 жылы біз Мартин Мюрреймен қатар кіші-Чавеспен, Канеро Альвареспен, Мигель Коттомен, Карл Фрочпен және Флойд Мэйуэзермен кездесуге үміттенемін. Дегенмен мен үшн оңтайлысы - Чавеспен жұдырықтасу. Мен барлық қарсыластарымды және Мюррейді де құрметтеймін, мен мұны Мартинеспен және Штурммен жекпе-жектерімде дәлелдедім, олар шынында да мықты боксшылар. Дегенмен оны нокаутқа жіберуге үміттімін», - деді Г.Головкин.