Геннадий Головкин: «Мейвезер мен Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін»
АСТАНА.ҚазАқпарат - WBA (Super), IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қазіргі кездің ең танымал боксшылары - кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо кәсіби бокстан кеткені жайлы мәлімдегенмен, қайта оралуы әбден мүмкін деп санайды, деп жазады Спортс.кз.
«Пакьяо бокстан кетеді деп ойламаймын, - деді Головкин. - Мэнни мен Флойд - ақылды жігіттер. Бұл - бокс».
«Флойд пен Мэнни рингке қайта оралады дегің келе ме?» деген сұраққа қазақстандық спортшы: «Иә. Оралуы әбден мүмкін», - деп жауап берді.