Геннадий Головкин: Мейвезерді жеңетініме 100% сенімдімін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтың королі Геннадий Головкин P4P рейтингінің үздік боксшысы Флойд Мейвезермен жекпе-жекке шығу үшін салмағын азайтуға әзір екенін тағы бір мәрте мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин: Мейвезерді жеңетініме 100%  сенімдімін

- Бұл керемет айқас болар еді. Арманым да сол. Әрине, оны жеңерім сөзсіз. Бұл бокс әрі бизнес. 100% жеңетініме сенімдімін, жекпе-жекке шығуға әзірмін, - деп мәлімдеді Геннадий TMZ-пен әңгімелесу барысында.