Геннадий Головкин: Мұхаммед Әли - ұлы чемпион
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлиге құрметін білдірді, деп хабарлады Sports.kz.
GGG өз твиттерінде «Ұлы чемпион» жазбасымен Әлидің жекпе-жектерінің бірінен үзінді видеосын салды.
Еске сала кетейік, 30 жылдан астам Паркинсон дертімен арпалысып, аңызға айналған былғары қолғап шебері Мұхаммед Әли 75 жасында өмірден озды.
Ол өзінің 25 жылдық спорт мансабында 56 рет жеңіске жетті, оның 37-сі - нокаут. Ол - ауыр салмақта үш дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы.