Геннадий Головкин: Мықты боксшымен үлкен жекпе-жекті өткізуді қалаймын
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/IBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 23 сәуірде Доминик Уэйдпен жекпе-жекке жауапкершілікпен қарайтынын айтты, деп хабарлады Sports.kz.
«Бұл - мен үшін маңызды жекпе-жек. Ол - менің міндетті қарсыласым. Мақсатым - орта дивизиондағы барлық чемпиондық белдіктерді алу. Мықты боксшымен кездесу, үлкен жекпе-жекті өткізуді қалаймын», - деді Геннадий Box Nation-ге берген сұхбатында.